ҰБТ-ға ақтөбелік мектеп түлектерінің 78 пайызы қатысады

АҚТӨБЕ. Мамырдың 25і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2010 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді актөбелік мектеп түлектерінің 78 пайызы тапсырмақ. Бүгін олар мектеп партасымен қоштасып, «соңғы қоңырау» салтанатына қатысты.

ҰБТ-ға ақтөбелік мектеп түлектерінің 78 пайызы қатысады

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, биылғы жылы орта білім туралы аттестатты 6 мыңға тарта мектеп түлектері алады, бұл 2009 жылдың деңгейіндегі көрсеткіш.

5 174 түлек немесе 78 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берді, бірақ та бұл цифр түпкілікті емес. ҰБТ-дан халықаралық олимпиада жеңімпаздары және аурулығы себепті босатылады.

Қазір түлектер емтихандарға баса даярлануда, оқу жылының ішінде олар 8 байқау тестілерін өткізді. 2010 жылғы ҰБТ мектеп оқушылары үшін маусымның 4-і және 6-сы күндері өтеді.