13:01, 04 Маусым 2009 | GMT +5
ҰБТ-ға ақтөбелік түлектердің 79 пайызы қатысады
АҚТӨБЕ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Бүгін елімізде 2008-2009 оқу жылының мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу шарасы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақтөбе облысында 12 тестілеу пункті, оның ішінде Ақтөбе қаласында 3 орталық бар. Облыстық білім басқармасының деректері бойынша бүгін 1 295 адам, қалғаны маусымның 6-сында тестілеуден өтеді.Барлығы биылғы жылы ақтөбелік түлектердің 79 пайызы немесе 5 109 адам ҰБТ тапсыруға ниет танытты.