ҰБТ-ға бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді - А. Сәрінжіпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын ҰБТ-ға бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҰБТ пунктерінің біріне барған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

ҰБТ-ға бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді - А. Сәрінжіпов

«Биыл қосымша 10 пункт ашылды, арнайы ауылда тұратын балалар үшін. Келесі жылы тағы 17 пункт ашу жоспарда бар. Жыл сайын ҰБТ-ға бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Биыл да шамамен осындай қаржы бөлінді», - деді министр.