ҰБТ-ға дайындық ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр кеңсесінде бақылауға алынды

Атап айтқанда, 2015 жылдың 2-8 маусым аралығында Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік комиссиямен ҰБТ болатын жерлерді саралап) емтиханды тапсыру үшін барлық оңтайлы жағдайды жасау үстінде. ҰБТ-ны ұйымдастыру Министрліктің апталық апараттық жиналысында қарастырылады.
Бірыңғай талаптарды орындауды қамтамасыз ету мен тестілеу кезінде болатын даулы мәселелерді шешу, сондай-ақ ҰБТ өтетін уақыт аралығында қатысушылардың құқықтарын қорғау бойынша, барлық ҰБТ өтетін бекеттерде аппеляциялық сұрақтарды қарастыратын республикалық комиссия мен аппеляциялық комиссия жасақталуда. Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ барысында келіп түскен түлектер мен ата-аналардың шағымдарына жедел түрде жауап беру мақсатында ҰБТ өткізу бойынша үйлестіру штабын орнатады. ҚР БҒМ жанында Республикалық штаб өз жұмысын атқаратын болады.
Айта кетейік, ҰБТ-ға 87 782 оқушылар өтініш берген, яғни жалпы түлектер санының 71 пайызын құрайды, Олардың ішінде қазақ тілінде оқитындар - 62 384, орыс тілінде - 25 398 түлек.