ҰБТ-ға Қазақстан тарихы пәні бойынша тәуелсіз сараптама жүргізілді - Қ. Әбдиев

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ҰБТ-ның 20900 тест тапсырмасы құрастырылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Қали Әбдиев мәлім етті.

«2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және жыл сайын тестілеу барысын жетілдірудің тәжірибесіне сәйкес биыл 20900 тест тапсырмасы құрастырылды. Сонымен қатар базада әр нұсқаға 1 тапсырмадан енгізілетін математика пәні бойынша құрастырылған 3000 логикалық сипаттағы тапсырма бар»,-деді Қ. Әбдиев.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты Қазақстан тарихы пәні бойынша құрастырылған тест тапсырмаларына тәуелсіз сараптама жүргізді.

Тестілеуді шынайы және ұйымдастырылған түрде өткізу мақсатында ҰБТ пунктеріне арнайы дайындықтан өткен министрліктің 1500 өкілі жұмылдырылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ҰБТ 3-15 маусым аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар