ҰБТ: Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлім етті.

ҰБТ: Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады

Оның ақпараты бойынша, тестілеу барысында шекті 50 баллды 14 252 түлек жинай алмаған.

«Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін, қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-і мен 8  тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деп атап өтті ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның мәліметтері бойынша, биыл ең жоғары 125 баллды 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 баллдан астам жинаған балалар саны - 16 565.