ҰБТ-ның 3-ші күнінің қорытындысы: 4018 түлек жүзден астам балл жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 4 маусымында тест тапсыруға 24 104 түлек қатысты, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ-ның 3-ші күнінің қорытындысы: 4018 түлек жүзден астам балл жинады

Тест 69 пункт базасында тапсырылды.

Тәртіп бұзғаны үшін 10 талапкер аудиториядан шығарылды.

Тест тапсырушылардан 11 046 ұялы телефон, 7 533 шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флешка, 17 wi-fi табылған.

Үшінші күннің қорытындысы бойынша, еш түлек ең жоғары 125 баллды жинай алған жоқ.

4 018 түлек (16,7%) 100-ден астам балл жинаған, 2013 жылы 3 231 түлек (12,6%) мұндай нәтижеге қол жеткізген болатын.

Үшінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 77,1-ді құраған (2013 жылы - 74,8 балл).

Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 5 829 (24,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 7 436 (29%) болған.

«ҰБТ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті», - делінген хабарламада.