ҰБТ-ның бесінші күні ең жоғарғы көрсеткішті оңтүстікқазақстандық түлектер көрсетті - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 6 маусымда 8 274 түлек сынақ тапсырды.
None
None

19 пунктте өткізілген тестілеу барысында ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 3 сынақ тапсырушы аудиториядан шығарылды.

Аудиторияға кіреберісте сынақ тапсырушылардан 3 762 ұялы телефон, 3 827 шпаргалка, 231 калькулятор, 16 фотоаппарат, 5 рация, 4 блютуз, 13 - 4G, 1 WI-FI, 1 интернет-модем тәркіленді.

Ең жоғары көрсеткішке 2 түлек қол жеткізді. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің бітірушісі Ержанова Ұлпан мен Шымкент қаласындағы №23 мектептің түлегі Ахмеджанова Шахзода ең жоғарғы ұпайды қанжығаларында байлады.

Бұл күні 100 баллдан жоғары алған мектеп бітірушілердің саны 1 469 (17,8 %) жеткен (2013 жылы - 1 147 (12,3 %).

Орташа балл - 77,2 (2013 жылы - 74,6 балл) болса, шекті 50 баллды жинай алмағандардың саны - 1 997 (24,1 %) (2013 жылы - 2 603 (28 %) болды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар