ҰБТ-ның бірінші күніндегі орташа балл 76,6-ны құрады - ҚР БҒМ
«Бірінші күннің қорытындысы бойынша 1 түлек ең жоғарғы 125 балды алса, 3 797 тестілеуге қатысушы 100-ден жоғары балл жинады (14,5 пайыз). ҰБТ-ның бірінші күнінде орташа балл 76,6 болса, ал 2013 жылы орташа балл 75,5 болған», деп хабарлаған министрліктен.
Ведомствоның деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы ҰБТ 2 маусымда басталды, бірінші күні оған жазылған 27 670-тің 26 134-і немесе 94,5 пайызы қатысты. Тестілеу 61-тармақты база негізінде өтті.
«Тестілеуге қатысушылар атап өткендей, барлық өңірлерде ҰБТ жақсы ұйымдастырылған деңгейде, қалыпты өтті», - дейді ҚР БҒМ хабарламасында.
Бұл ретте, министрліктің ақпараты бойынша, 50 балл - межелік өту деңгейін 6 233 немесе 23,8 пайыз түлек еңсере алмады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 3 пайызға төмен (26,4 пайыз).