ҰБТ-ның шекті деңгейін ҚР мектептерінің 26 352 түлегі еңсере алмады - ҚР БҒМ

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Бес күннің ішінде ҰБТ 155 тест тапсыру орындарында өткізілді, оған 91 240 мектеп бітіруші қатысты. Бірнеше мәрте бұзушылық жасағаны үшін 31 мектеп түлегі аудиториядан шығарылды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ-ның  шекті деңгейін ҚР мектептерінің 26 352 түлегі еңсере алмады - ҚР БҒМ

Аудиторияға кіре берісте 15 083 тыйым салынған заттар алынды, оның 10 859 - тестілеу барысында (ұялы телефондар, калькуляторлар, фотоаппараттар, рациялар).

Бүгінгі күнге орташа балл - 74,3 құрайды. 2012 жылы - 71 баллды құраған болатын. 26 352 мектеп бітіруші түлек (28,9%) 50 балл тиісті межені бағындыра алмады. 2012 жылы - 37 323 (36,5 %) . 10 361 (11,4%) түлек 100-ден жоғары балл алды. 2012 жылы - 9 502 (9,3 %).

125 баллға - ең жоғары көрсеткішке төрт түлек қол жеткізді: олар - Павлодар облысы Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің түлегі Әсел Айткенова, Шымкенттегі М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия түлегі Аида Ысқақ және Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының түлектері Ботагөз Құспанғалиева мен Тоқтамыс Марғұлан.