ҰБТ өткізіліп келе жатқаннан бері биыл тұңғыш рет суицид орын алған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіліп келе жатқаннан бері биыл тұңғыш рет түлектер арасында өзіне-өзі қол салу оқиғасы орын алған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ата-аналар институтының бас директоры Софья Евдокимова айтты.

ҰБТ өткізіліп келе жатқаннан бері биыл тұңғыш рет суицид орын алған жоқ

Оның мәліметінше, бұл арада биылғы мамыр айында отырған ата-аналарға арналып өткізілген баланы ҰБТ-ға қалай дайындау керектігі жөніндегі конференция үлкен нәтиже берді. «Айта кетейін, 18 мамыр - Халықаралық отбасы күнінде Ата-аналар институты «Нұр Отан» партиясымен және ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мектеп түлектерінің ата-аналарына арналған конференция өткізді. Ол «Жасөспірімдерді ҰБТ-ға дайындау кезіндегі ата-аналарға психологиялық көмек» деп аталған болатын. Бұл жиналыстың ең үлкен жетістігі сол - ҰБТ өткізіліп келе жатқан 10 жыл ішінде биыл тұңғыш рет суицид оқиғасы тіркелмеді», - деп атап өтті С. Евдокимова. Оның айтуынша, мектеп оқушыларын мұндай өмірлік сынақтарға бірінші сыныптан бастап дайындау керек. Айта кетейік, ертең, 14 қыркүйекте «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық конференция өтеді. Ол Қазақстанның 17 қаласындағы 250 мектепте бір мезгілде өтеді. Алдын-ала жоспар бойынша конференцияға 170 мыңнан астам ата-ана қатысады. «Біз, ата-аналар, қызықты емес әрі балалардың оқуға құштарлығын оятпайтын мектеп форматынан бас тарттық. Барлығын басқаша жасап шықтық. Барлық сұрақтарға тұщымды жауап беруге мүмкіндік ашатын сценарий әзірледік», - дейді Софья Евдокимова.