18:36, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Учаскелік инспектор бір отбасын өрттен құтқарды
ҚОСТАНАЙ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Ұзынкөл аудандық ІІБ учаскелік инспекторы Қайырбек Арғынғазин өрт кезінде адамдардың өмірін құтқарғаны үшін марапатқа ұсынылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кезекшілік міндетін атқарып келе жатқан Қ.Арғынғазин Федоровка кентінде жеке үйдің өртеніп жатқанын байқайды. Жанып жатқан үйге кірген ол 32 жастағы отағасы Игорь Черноскутовты, тағы бір бөлмеде ес-түссіз жатқан оның әйелі мен үш баласын алып шығады.
ІІД басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Байғабылованың айтуынша, ержүрек полицейді марапаттау жөнінде Ішкі істер министрлігіне өтініш жасалған.