Учаскелік инспекторлардың рөлі күшейтіледі - Ерлан Тұрғымбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Учаскелік инспекторлардың рөлі күшейтіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Учаскелік инспекторлардың рөлі күшейтіледі - Ерлан Тұрғымбаев

«Қарапайым азаматтарға қамқор болып, олардың мәселесін шешу үшін учаскелік инспекторлардың рөлі күшейтіледі. Президент атап көрсеткендей, учаскелік полиция халықтың арасында жүруі тиіс. Ол үшін штат санын нығайту, материалдық-техникалық жағынан күшейту, учаскелік пункттермен қамтамасыз ету қажет. Сосын олардың мәртебесін заңмен бекіткен дұрыс», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде 2 мың 800 учаскелік полиция пункттің тең жартысы жөндеуді қажет етеді. Қосымша 279 учаскелік пункт салып, қызметтік автокөлік сатып алу қажет.