UCI президенті Пет Макуэйдке велоспортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиада ордені тапсырылды
Жүздесу барысында Спорт және туризм министрі, Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Темірхан Досмұхамедов мәртебелі мейманға велоспортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиада орденін тапсырды.
Сондай-ақ, астанадағы жаңа велотрек ғимаратын тамашалағаннан кейін UCI президенті Қазақстан Республикасы Велоспорт федерациясының президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовпен де жүздесті.
Кездесу барысында «Astana Proteam» велокомандасының қызметіне қатысты мәселелер, қазақстандық велоспортты дамыту шаралары, сондай-ақ UCI өкілетті органдарының жұмысына қазақстандық өкілдерді қатыстыру мәселелері жайында сөз болды. Өз кезегінде П. Макуэйд мырза Қазақстанда жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізу идеясына аса қызығушылық танытты.