12:57, 18 Қазан 2013 | GMT +5
Ұдайы қамшылап алға ұмтыла білсек қана, «Қазақстан - 205О» стратегиясындағы биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз - Елбасы
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Біз елімізде ұдайы қамшылап алға ұмтыла білсек қана, «Қазақстан 2050» стратегиядағы биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Алдымызда, көріп отырсыздар, биік-биік белестер бар. Оларды алқынбай асу, белестерді барлықтай бағындыру біздің өз қолымызда тұр. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік біздің ең басты құралымыз - осылар. Біз елімізде ұдайы қамшылап алға ұмтыла білсек қана, Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегиясындағы биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Партиямыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік елді бірге жасайық. «Нұр Отан» алға, Қазақстан алға!», - деп аяқтады сөзін Мемлекет басшысы.