Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жобаларды іске қосуға арналған телекөпір Елбасының қатысуымен өтеді
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Маусының 28-інде Елбасының қатысуымен телекөпір өтізу қарастырылып отыр. Бүгінде оны өткізу шарасы негізінен өңірлермен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісіліп, атқарылды. Сонымен бірге телекөпірдегі негізгі нысандар мен резервті нысандардың тізімі айқындалды», - деді вице-министр.
А. Раудың сөзіне қарағанда, бірінші жартыжылдықта іске қосылатын барлық 74 жоба Астанадағы жаңа университеттегі арнайы орнатылған мониторда таныстырылады. «Бұл шаралар Астаналық экономикалық форум кезінде, өзге де шараларда елорда қонақтары мен басқа да мемлекеттердің өкілдері іске асырылған жобалармен танысуларына мүмкіндік алуы үшін жасалып отыр», - деді ол.