UEFA Конференция лигасы: «Астана» мен «Тобыл» қарсыластарын жеңе ала ма

Елордалық «Астана» 5 тамызда сырт алаңда финляндиялық КуПС командасымен кездесті. Ойында 0:0 есебі тіркелді.
Матч елорда уақытымен 19:00-де басталып. «Ел Арна» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Конференция кубогында бұдан бұрын «Астана» екінші іріктеу сатысында Грекияның «Арисін» (2:0, 1:2) жеңген болатын.
КуПС Конференция кубогында КуПС Украинаның «Ворскла» клубын (2:2, 3:2) қапы қалдырып кетті.
Тағы бір ойында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Словакияның «Жилина» командасымен шеберлік байқасады.
Елордада өткен алғашқы кездесуде қостанайлық клуб қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.
Екінші іріктеу сатысында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубын (0:2, 4:1) жеңсе. «Жилина» Кипрдің «Аполлон» клубынан (3:1, 2:2) мықты екенін көрсетті.
Кездесу елорда уақытымен 22:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағандының «Шахтері» Украинаның «Колос» командасын жеңген еді.