UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Базельмен» кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» Швейцарияның «Базель» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Базельмен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған кездесуде англиялық Стюарт Атвелл бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Дэниел Кук пен Гарри Леннард көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Дэвид Кут.

Еске салсақ, «Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.

Алғашқы турда «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Омония» клубымен 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Базель» сырт алаңда Әзербайжанның «Карабах» клубымен кездесуінде дәл сондай есеп тіркелді.

«Қайрат» биыл еурокубок ойындарын Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу сатысынан бастады. Алдымен Израильдің «Маккаби Хайфа» (1:1, 2:0) жеңіп, одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) жол берді.

Ал Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкертінен» (0:0, 2:3) жеңіліп, Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембургтің «Фола» клубының (4:1, 3:1) осал тұсын тапты.

«Базель» клубы 1893 жылы құрылған. Өзінің елінде 20 мәрте чемпион атанған.

Еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді.