UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» румыниялық клубқа есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуде Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған клуб 1947 жылы құрылған. Команда1961-2017 жылдар аралығында «Стяуа» атауымен жанкүйерлерге жақсы таныс.

Өз елінде 26 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биыл олар күміс жүлде алып, еурокубокта бақ сынауға жолдама иеленді.

Алаң иелері ойын басынан тізгінді өз қолына алуға тырысқан еді. Бірінші кезеңде негізінен румындық футболшылар қазақстандық команда қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Кейбір сәтте қостанайлық қорғаушылар шабуылға тойтарыс берсе, ендігі бір мезетте алаң иелері мүмкіндікті мүлт жіберді.

Кездесуде «Шахтер» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді қарымта ойын 29 шілдеде Қарағандыда өтеді.

Дәл қазір Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Хорватияның «Хайдук» клубымен ойнап жатыр. Әзірге қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада «Астана» грекиялық «Арис» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, 21 шілдеде UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» Сербияның «Црвена Звезда» клубын 2:1 есебімен жеңген еді.


Соңғы жаңалықтар