UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында барлығы 32 команда сынға түседі. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.
Айта кетсек, қазақстандық «Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Базель» (Швейцария), «Карабах» (Әзербайжан), «Омония» (Кипр).
Командалардың топтар бойынша орналасуы төмендегіше:
А тобы: ЛАСК (Австрия), «Маккаби Тель-Авив» (Израиль), «Алашкерт» (Армения), ХИК (Финляндия).
В тобы: «Гент» (Бельгия), «Партизан» (Сербия), «Флора» (Эстония), «Анортосис» (Кипр).
С тобы: «Рома» (Италия), «Заря» (Украина), ЦСКА София (Болгария), «Буде-Глимт» (Израиль).
D тобы: «Алкмаар» (Нидерланды), ЧФР (Румыния), «Яблонец» (Чехия), «Раннерс» (Дания).
Е тобы: «Славия» (Чехия), «Фейеноорд» (Нидерланды), «Унион Берлин» (Германия), «Маккаби Хайфа» (Израиль).
F тобы: «Копенгаген» (Дания), ПАОК (Грекия), «Слован» (Словакия), «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар).
G тобы: «Тоттенхэм» (Англия), «Ренн» (Франция), «Витесс» (Нидерланды), «Мура» (Словения).
Топтық кезеңнің алғашқы туры 16 қыркүйекте басталып, соңғы туры 9 желтоқсанда аяқталады.
Финал 2022 жылдың 25 мамырына белгіленген.
Айта кетсек, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңінің жеребесі тартылғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, бүгін UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.