UEFA Конференция лигасында қазақстандық клубтар қай командамен ойнауы мүмкін
Айта кетсек, қазақстандық «Тобыл» (Қостанай), «Астана» (Нұр-Сұлтан),
«Қайрат» (Алматы) және «Қызылжар» (Петропавл) команалары биыл еурокубок ойындарын футболдан UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысынан бастайды.
UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Венгрияның «Ференцварош» командасына жол берген (0:0, 1:5) «Тобыл» енді аталған турнирде Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі.
Жеңген жағдайда үшінші іріктеу сатысында «Тирана» (Албания) және «Зриньски» (Босния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Екінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» Польшаның «Ракувын» жеңсе одан кейін «Спартак Трнава» (Словакия) және «Ньютаун» (Уэльс) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Ал алматылық «Қайрат» Венгрияның «Кишварда» командасын айналып өтсе, содан кейін «Молде» жәее «Эльфсборг», петропалдық «Қызылжар» Хорватиияның «Осиегінен» басым түссе, жарыстың үшінші сатысында «Ботев» (Болгария) және АПОЕЛ (Кипр) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Аталған турнирдің екінші іріктеу сатысы 21 және 28 шілде күндеріне белгіленсе, үшінші іріктеу сатысы 4 және 11 тамыз күндері ойналады.
Фото: www.sports.kz