UEFA Конференция лигасының финалы Албанияда өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасының финалы өтетін орын белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат UEFA сайтына сілтеме жасап

UEFA Конференция лигасының финалы Албанияда өтеді

Естеріңізге сала кетелік, алдағы жылдан бастап аталған турнир жалауын көтереді. Оған UEFA рейтингінде 27-орыннан төмен орналасқан елдердің командалары қатысады. Биыл ел біріншілігінде екінші, үшінші және төртінші орын алған «Тобыл», «Астана», «Шахтер» клубтары аталған доп додасында бақ сынайды.

Конференция лигасының алғашқы финалы Албания астанасы - Тирана қаласындағы «Эйр Албания Стэдиум» стадионында өтеді. Оған барлығы 22 500 жанкүйер сыяды.Финал 2022 жылдың 25 мамырына белгіленген.