УЕФА конгресі Астанада өтетін болды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылы УЕФА-ның 37 конгресі өтеді. Бұл туралы кеше Лозанна қаласында өткен УЕФА кеңесінде белгілі болды,
None
None

 деп хабарлайды »Аламан» спорт агенттігі.

Осылайша Астана ТМД қалаларының ішінде алғаш болып Еуропа футбол қауымдастығының жиынын қабылдайды. Демек, Астанада 2017 жылғы Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының финалы өтетін қала белгілі болады. Ал 2015 жылғы Конгресс Венада өтеді.

Сондай-ақ 2020 жылдан бастап Еуропа чемпионаты әр түрлі қалаларда өтеді. Құрлық біріншілігін қабылдайтын қалалардың тізімі де Астана төріндегі жиында жария болуы ғажап емес.

Соңғы жаңалықтар