UEFA лигасында Тобыл Зриньски клубына есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында қостанайлық «Тобыл» командасы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық клуб Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен шеберлік байқасты.

Ойын барысында қос команда тегеурінді қарсылық көрсетті. Екі команда қатарынан бір-бірден қызыл қағаз алды.

Кездесудің 76-минутында «Зриньски» футболшысы Нико Янкович соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.

Кездесуде «Тобыл» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Енді қарымта ойын 11 тамызда Қостанайда өткізіледі.

Екі команда 2010/11 жылғы кезеңде Еуропа лигасында бір мәрте шеберлік байқасты. Екеуінде де аталған клуб 2:1, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Еске салсақ, «Қызылжар» үшінші іріктеу сатысында сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ клубына 0:1 есебімен жол берді .

Сондай-ақ, бұдан бұрын Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» және «Қайрат» жарыс жолынан шығып қалды .


Соңғы жаңалықтар