UEFA Ұлттар лигасы: Қазақстан-Словакия кездесуіне төрешілер белгіленді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші турындағы Қазақстан-Словакия кездесуінде қазылық ететін төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

UEFA Ұлттар лигасы: Қазақстан-Словакия кездесуіне төрешілер белгіленді

Кездесуде бельгиялық Брамом ван Дриске бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Ромен Девийерс пен Кевин Монтени көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де белгиялық Жонатан Лардо. Сондай-ақ, төрешінің видео жөнінен көмекшісі нидерландылық Ингмар Оустром.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.

Алғашқы үш турдан кейін 7 ұпай жинаған Қазақстан бірінші орында келеді.

Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең түсті.

Қазақстан-Словакия кездесуі елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.