UEFA Ұлттар лигасында Франция Хорватиядан жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

UEFA Ұлттар лигасында Франция Хорватиядан жеңілді

Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы бірінші тобында болды. Өз алаңында Франция Хорватияға 0:1 есебімен жол берсе, Дания Австрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, Франция төрт ойында небәрі екі ұпай алды, турнир кестесінде көш соңында тұр. Осылайша олар жанкүйер сенімінен шыға алмай келеді.

Сондай-ақ, В лигасы екінші тобында Исландия мен Израиль 2:2 есебімен тең түсті.

Ал С лигасы үшінші тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан Словакияны 2:1 есебімен сүріндірсе, Әзербайжан Беларусьті 2:0 есебімен жеңді.

Енді 14 маусымда UEFA Ұлттар лигасының төртінші тур ойындары мәресіне жетеді. Одан кейінгі ойындар қыркүйек айында жалғасады.