UFC: Асу Алмабаев жаңартылған рейтингіде бір саты төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM– Абсолют төбелес чемпионаты (Ultimate Fighting Championship/UFC) барлық салмақтағы жаңартылған рейтингіні жариялады.

Асу Алмабаев
Фото: Sports.kz

Ең жеңіл салмақта шаршы алаңға шығып жүрген қазақстандық Асу Алмабаев (21-3-0) UFC-дегі алғашқы жеңілісінен кейін бір саты төмендеп, 9-орыннан көрінді.

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 2-орнын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев өткен аптада Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 103 кешінің басты жекпе-жегінде португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) айқасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Ал Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты америкалық спортшы Белал Мухаммадпен (24-3) болуы тиіс чемпиондық жекпе-жекке шыға алмайтын болды.

Соңғы жаңалықтар