UFC: Асу Алмабаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) кезекті жекпе-жегінің алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Асу Алмабаев
Фото: ufc.com

Спортшылар таразыда 126 фунт (57.15 келі) көрсетіп, шекті салмақ лимитін орындады.

30 жастағы Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингісінде 8-шы орында, ал 31 жастағы португалиялық файтер Манель Капе (20-7-0) 6-шы орында тұр.

Айта кетейік, Асу-Манель айқасы 2 наурыз күні Лас-Вегаста (АҚШ) ұйымдастырылатын UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегі ретінде өтеді.

Бұл Асудың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі. Ол өткен жылы UFC Fight Night 245 турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар