UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт
АСТАНА. KAZINFORM — Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир өткізу бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі Informsports.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Абу-Дабиде өткен UFC 333 турнирінің баспасөз мәслихатында журналистер промоушен басшысынан Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетінін сұрады.
— Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, — деп жауап берді Дана Уайт.
Қазіргі уақытта UFC-де Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетеді. Олар: Шавкат Рахмонов (19-0), Асу Алмабаев (24-3), Дияр Нұрғожай (12-2), Николай Веретенников (14-8) және Әліби Ыдырыс (10-1, 1 NC).
Еске салайық, бұған дейін Асу Алмабаев UFC-дің бұрынғы үміткерімен болатын кездесуге үш елде дайындалатынын жазғанбыз.