UFC Шавкат Рахмонов туралы фильм түсірді

АСТАНА. KAZINFORM – UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасында өтетін жекпе-жекке арналған фильм жарық көрді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Шавкат Рахмонов
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Бейнежазбада екі спортшының жаттығуы мен жекпе-жек алдындағы пікірі көрсетілген.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде өтеді. Бастапқыда Рахмонов UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) кездесуі керек еді. Алайда Мұхаммед денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Енді Рахмонов Гэрриді жеңген жағдайда, Мұхаммедпен титулдық кездесу өткізе алады.

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Dar Pro Team командасы Instagram-дағы ресми аккаунтында спортшының чемпиондық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасаған еді.

UFC 310 турниріндегі Шавкат Рахмоновтың қарсыласы белгілі болғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар