00:31, 13 Қазан 2022 | GMT +5
UFC Жалғас Жұмағұловтың келесі айқасының датасын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің белді промоушені – UFC аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жалғас Жұмағұлов октагонға оралады! 19 қарашада өтетін турнирде оның қарсыласы Чарльс Джонсон болады», - делінген UFC-дің ресми аккаунтында.
Кездесу Лас-Вегаста (Невада штаты) UFC Apex аренасында өтеді.
Ч.Джонсон бұған дейінгі кездесуінде британдық спортшы Мухаммад Мокаевқа төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді.
Қазақстандық файтер болса UFC-де 5 жекпе-жек өткізді. Оның біреуінде ғана жеңіске жетсе, төртеуінде жығылды.
Фото Sports.kz