Үгіт-насихат пойызы шығысқа бағыт алды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат -  Семейге Қарағандыдан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған үгіт-насихат пойызы келді.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қарағандыда үгіт поезының мүшелері соғыс және еңбек ардагерлерімен, 10-11 сынып оқушыларымен, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен және әскери-патриоттық клубтар өкілдерімен кездесіп, Қазақстан армиясының 20 жылдығының құрметіне орай қойылған концерттік бағдарламаны паш етті.

Семейде қала, гарнизон  тұрғындары, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерімен кездесу өтеді. Сонымен қатар,  әскерге шақырылатын жастар, студенттер мен оқушыларға арнап «Ерлік сабақтарын» өткізу жоспарлануда.

12 сәуір күні үгіт-насихат пойызын Өскемен, содан кейін Аягөз тұрғындары қарсы алады.

Соңғы жаңалықтар