Уго Чавес әлемдегі ең биік сарқыраманың атауын өзгертті

1930 жылы ұшқыштың арқасында әлемге аты танылған Анхель сарқырамасының американдық ұшқыш Джимми Энджелдің есімімен аталуына кейіген Уго Чавес осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
«Егер осы атауды әлі де қабылдай берсек, бұл жерде оларға дейін ешкімнің тұрмағанын мойындаған боламыз. Энджелдің бұл маңға аяқ басқан алғашқы адам деп мойындап, сарқыраманы оның есімімен атауға еш негіз жоқ. Біз сарқыраманың атауын өзгертуіміз керек», деп мәлім еткен ел басшысы, бұдан былай оны қолдағандардың барлығы сарқыраманы басқаша емес, Чурум Мери сарқырамасы деп атаулары керек екенін айтты.
Сарқыраманы 1910 жылы зерттеуші Эрнесто Санчес ашқан деп саналады, бірақ бірқатар тарихшылар Анхельдің ашылуын 1927 жылға телиді.