09:44, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Ухань базарларының бірінен тырысқақ вибрионы табылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Ухань қаласындағы (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) Байшачжоу базарындағы өзен өнімдерін сату бөлімдерінен тырысқақ вибрионы табылды. Бұл туралы жергілікті ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәлімдемесіне сілтеме жасап The Paper басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басылымның хабарлауынша, осы сәрсенбіде Уханьдағы Байшачжоу базарындағы өзен өнімдерін сату бөлімінде ішек инфекциясының қоздырғыштарына сынама алу барысында тырысқақ вибрионы анықталған. Байшажоу базарының бөлімдері уақытша жабылды.
Анықталған тырысқақ вибрионынан базар қызметкерлеріне инфекция тарамаған. Бұл вибрионның сынамасы жақында тіркелген Ухань университеті студентінің тырысқақ ауруымен байланысты емес екендігі атап өтілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы дүйсенбіде Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында адамның тырысқақ ауруын жұқтырған алғашқы жағдайы анықталды. Тағы жұқтырғандар туралы ақпарат жоқ.
Фото: st1.uvnimg.com