11:06, 08 Қараша 2013 | GMT +5
ҮИИД бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 67 жоба жүзеге асырылды - А. Мұхамбетов
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 67 жоба жүзеге асырылды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған облыстың басшысы Архимед Мұхамбетов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан 517,2 млрд. теңгенің 74 жобасы енгізілді. 10 мың жұмыс орнын құру ескерілген. 3 жылдың ішінде жалпы 67 жоба іске қосылды, бұл өңірлердегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Әкімнің айтуынша, ағымдағы жылы 10 жобаны іске қосу жоспарланған болса, 7-уі пайдалануға берілді. Ал, қалғандары жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде. Олардың ішінде Қазақстанның Индустрияландыру картасының ішіндегі биылғы жылы іске қосылатын ірі жобаның біреуі бар. Бұл Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының 4-ші цехы. Оның құны 840 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр.