17:57, 22 Қыркүйек 2015 | GMT +5
ҮИИД бірінші бесжылдығында мал шаруашылығында 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында мал шаруашылығында 100-ге жуық кәсіпорын өндірістік қуаттылығын арттырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарланды.

«ИИДМБ бірінші бесжылдығы кезінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласында 100-ге жуық кәсіпорындар өндірістік қуаттылықтарын арттырып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп іске қосылды. Оның ішінде: 23 құс фабрикасы, 19 сүт тауарлы ферма, 18 мал бордақылау алаңы, 7 репродукторлы орталық, 14 ет өңдеу кәсіпорыны, 10 сүт өңдеу зауыты, 5 балық өңдеу кәсіпорыны»,-дейді ведомство мамандары.
Атап айтқанда, осы жобалар 8 000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.