ҮИИД МБ қажеттілігін қанағаттандыру үшін колледждерге арналған 70-тен астам жаңа оқу бағдарламасы әзірленуде - ҚР БҒМ

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриалды-иннвациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігін қанағаттандыру үшін колледждерге арналған 70-тен астам жаңа оқу бағдарламасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін 2014-2016 жылдарға арналған ҚР-дың білім және ғылым саласы дамуының басым бағыттары талқыланған Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

ҮИИД МБ қажеттілігін қанағаттандыру үшін колледждерге арналған 70-тен астам жаңа оқу бағдарламасы әзірленуде - ҚР БҒМ

Оның атап өтуінше, алдағы 3 жылда ҚР ҮИИДМБ қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 73 жаңа оқу бағдарламасы дайындалуда. Оның 23-і халықаралық деңгейдегі колледждерге, ал қалған 50-і аймақаралық орталықтарға және серіктестік колледждеріне арналған.

Бұдан бөлек А.Сәрінжіпов өз сөзінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде «Кәсіпқор» холдингі табысты дамып келе жатқандығын баса айтты. Оның атап өтуінше, 2016 жылға дейін 16 оқу орнында 7 мыңнан аса және жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша 9 мыңнан астам адам оқытылатын болады.