Уимблдон: Қазақстандық жасөспірімдер жұптық сында екінші айналымға өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің екінші айналымына өтті.

Уимблдон
Фото: ҚТФ

Заңғар Нұрланұлы – Дамир Жалғасбай бастапқы кездесуін америкалықтар Райан Козад – Максимус Дюссомен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте америкалық дуэт қарымта қайырды – 7:6 (7:3). Дегенмен супер тай-брейкте Заңғар мен Дамир жеңісті жұлып алды – 10:7.

Матч сағат жарым уақытқа созылды. 

Тағы бір қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге америкалықтар Матисс Фарзам – Гэвин Гудтың мысын басты – 6:3, 7:5. 

Қазақстандық теннисшілер келесі қарсыластарын жеңсе, ширек финалға жолдама алады.

Өкінішке қарай, олар жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің төртінші айналымынан тыс қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар