Уимблдон: Роджер Федерер Елена Рыбакинаның жеңісіне қол соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Атақты швейцариялық теннисші Роджер Федерер Уимблдонда орталық кортта Елена Рыбакинаның ойынын тамашалап, жеңісіне қол соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: championat.com

Е.Рыбакина мен америкалық Шелби Роджерс матчы алдында «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін чемпионы Р.Федерерге құрмет көрсетілді.

Даңқты ойыншының құрметіне көрермендер бірнеше минут бойы қол шапалақтады.

Бәсеке аяқталғаннан кейін Роджер Федерердің өзі орнынан тұрып, қазақстандық теннисшіге қол соқты. Бұл Уимблдон Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған видеодан анық көрінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің 24 эйс жасап, Уимблдонды жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Уимблдонда Елена Рыбакина екінші айналымға шықты.


Соңғы жаңалықтар