Уимблдондағы рекорд: алғашқы айналымда ТОП-10-ға кіретін 8 теннисші ұтылып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында ТОП-10-ға кіретін теннисшілердің ұтылу саны жөнінен «Үлкен дулыға» жарыстарының рекорды орнатылды.

Уимблдон
Фото: ҚТФ

Opta статистикалық порталынан алынған мәліметке қарағанда, ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында ТОП-10-ға кіретін 8 ойыншы бастапқы кездесулерінде есе жіберді.

Бұл «Үлкен дулыға» турнирлерінде 1968 жылдан бергі кезеңдегі рекордтық көрсеткіш болып есептеледі. Осылайша, ерлер арасында ТОП-10-ға кіретін мына теннисшілер алғашқы айналымда жеңіліс тапты:

Александр Зверев (Германия, 3) — Артур Риндеркнеш (Франция) — 6:7 (3:7), 7:6 (10:8), 3:6, 7:6 (7:5), 4:6;

Лоренцо Музетти (Италия, 7) — Николоз Басилашвили (Грузия, Q) — 2:6, 6:4, 5:7, 1:6;

Николас Харри (Чили, Q) — Хольгер Руне (Дания, 8) — 4:6, 4:6, 7:5, 6:3, 6:4;

Бенжамен Бонзи (Франция) — Даниил Медведев (Ресей, 9) — 7:6 (7:2), 3:6, 7:6 (7:3), 6:2.

Әйелдер арасында үздік ондықтағы мына ойыншылардың жолы болмады:

Даяна Ястремская (Украина) — Кори Гауфф (АҚШ, 2) — 7:6 (7:3), 6:1;

Элизабетта Коччаретто (Италия) — Джессика Пегула (АҚШ, 3) — 6:2, 6:3;

Катержина Синякова (Чехия) — Чжэн Циньвэнь (Қытай, 5) — 7:5, 4:6, 6:1;

Паула Бадоса (Испания, 9) — Кэти Бултер (Великобритания) — 2:6, 6:3, 4:6.

Жекелей сында Қазақстаннан әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина ғана жарысты жалғастырады.

Бүгін Юлия Путинцева жұптық сында америкалық Питон Стирнспен бірге алғашқы айналымда чехиялық Барбора Крейчикова – Қытайлық Тайбэй өкілі Чань Хаочинмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Александр Бубликтің жарыс жолынан шығып қалғанын жазған едік.

Елена Рыбакина алғашқы қарсыласын ойсырата ұтты.

Соңғы жаңалықтар