13:58, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Үкімет 2010 жылы да экономиканы «қолмен басқару» режимін ұстанатын болады - К. Мәсімов
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет 2010 жылы да экономиканы «қолмен басқару» режимін ұстанатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдерімен болған брифингте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер экономиканы жүйелі басқару ақау бермегенде, алайда бұндай ақау бүкіл әлем экономикасында болды, онда оны қолмен басқаруға көшудің қажеті болмас еді. Менің ойымша, қолмен басқару - бұл дағдарысқа қарсы элемент. Біз экономиканы қолмен басқаруға 2007 жылдың соңында көштік. 2008 және 2009 жылдары да осыны басшылыққа алдық», деді Үкімет басшысы.
Дегенмен, Премьер-Министрдің пікірінше, 2010 жылдың соңында мемлекеттің нарықтық жүйеге белсенді араласуын қысқартуды бастау қажет. «Тұтастай алғанда жүйе экономиканы өзі реттей алатындай жағдай жасауымыз қажет», деді ол.