Үкімет 2010 жылы назарын индустриялық саясатты жүзеге асыруға шоғырландырады - Премьер-Министр К.Мәсімов

Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдерімен болған брифингте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жылдың басында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын қадағалау агенттігі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады. Онда бес негізгі бағыт қамтылды. Олар: қаржы секторын тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс секторын қолдау, индустриялық-инновациялық жобаларды жалғастыру. Менің ойымша, 2010 жылы Үкімет дағдарысқа қарсы қабылданған бағдарламаны одан әрі жүзеге асыратын болады», деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, 2009 жылы туындаған негізгі проблемалар шешімін тапты. 2010 жылы индустриялық саясатты, «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға екпін салынады. «2010 жыл бұл дағдарыстан, дағдарыстан кейінгі дамуға өту жылы. Көп жұмыс жасау қажет. Келешектегі біздің дамуымыз 2010 жылды қалай өткергенімізбен байланысты», деді К. Мәсімов.