Үкімет 2016 жылдың қыркүйегіне дейін банк секторынан жұмыс істемейтін кредиттерді есептен шығарады

Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді. «Ағымдағы жылдың қарашасында валюта нарығындағы төрелік және алыпсатарлық мәмілелерді азайту үшін Ұлттық банк белгілеген диапозонда пайыздық мөлшермелер дәлізін қолдау жөніндегі бұрын мәлімдеген міндеттемелерінен бас тартқан болатын. Жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан банк секторының барлық субъектілеріне жүргізілген күйзелістік тестілеудің нәтижелері бойынша 2016 жылдың қыркүйек айына дейін оларды мойындау және есептен шығару жөніндегі шаралар қамтылатын болады. Бұл қаржы секторын тұрақтандыру шарасы болып табылады», деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Үкіметтің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты - 2016-2017 жылдары инфляцияны 6-8 пайыз дәлізінде, 2018 жылы 5-7 пайыз, 2019 жылы 4-6 пайыз, ал 2020 жылға қарай 3-4 пайызға дейін төмендету.
«Бұл ретте 2016 жылдың сәуірінде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілетін болады, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады. Ақша-кредит саясаты операциялардың тиімділігін арттыруға, оның ақша нарығының мөлшерлемелеріне ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді», деді Е. Досаев.