Үкімет 2023 жылға арналған заң жобалау жоспарын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жобасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жоспар жобасында 34 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның 21-і Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Бұдан басқа, жаңадан Қала құрылысы кодексін, сондай-ақ Бюджет, Салық және Су кодекстерінің жаңа редакцияларын әзірлеу жоспарланған», - деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Осыдан кейін Премьер-Министр заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасын мақұлдауды ұсынып, Министрлер кабинеті қолдау білдірді.

«Премьер-Министрдің Кеңсесі бұл жобаны Мемлекет басшысына келісуге жіберсін», - деп түйіндеді Үкімет басшысы.


Фото: t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар