Үкімет алдағы 5 жылдағы еліміздің экономикалық саясатының негізгі мақсатын айқындады

Бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов осылай айтты.
Оның атап өтуінше, бұған үлестірілген ақша-кредит, салық-бюджет саясаттары және инфляция деңгейін 6-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру есебінен макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету ықпалын тигізеді. Ал орнықты экономикалық өсудің негізін құру индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен жүзеге асырылатын болады.
Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында индустриялды-инновациялық қызметті және тұтастай алғанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесі құрылады.
«Индустриялды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» және «Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру туралы» заңдар қабылданатын болады», - деді ол.