14:38, 28 Сәуір 2023 | GMT +6
Үкімет Астана күніне орай 1 шілде сенбі күнгі демалысты 7 шілдеге ауыстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды.
ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.
Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.