Үкімет басшыларының саяси қайрат-жігерінің жоқтығынан дағдарыс созылып барады - Македонияның Үкімет басшысы

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Үкімет басшыларының саяси қайрат-жігерінің жоқтығынан дағдарыс созылып барады. Бұл туралы бүгін VI Астана экономикалық форумында Македонияның Премьер-министрі Никола Груевский мәлім етті.
None
None

«Қазіргі уақытта дағдарыстың себептері неден екені баршаға аян. Оған қарсы шаралар да белгілі. Бірақ саяси себептерге байланысты, кейбір мемлекет басшыларының арқасында бұл шаралардың атқарылуы кейінге шегерілуде. Сол арқылы біз дағдарысты созып жатырмыз. Егер дағдарысқа қарсы шаралар жылдамырақ іске асырылған болса, қазір оны артта қалдырар едік. Халықаралық валюта қоры және басқа да ұйымдар ұсынған ең тиімді әрі маңызды шаралардың тек аз бөлігі орындалуда. Бүгін әлемде сенімнің жоқтығы да содан. Дағдарыс та соның кесірінен бүгін аяқталған жоқ. Бұның барлығы Үкімет басшыларының саяси қайрат-жігерінің жоқтығынан орын алуда», - деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар