Үкімет басшысы Әділет министрлігіне индустриялық саясат бойынша заң жобасын әзірлеуге назар аударуды тапсырды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен алқа мәжілісі барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ведомство алдына индустриялық саясат бойынша заң жобасын әзірлеуге назар аударуды тапсырды.
None
None

Өз сөзінде Премьер-Министр былтырдан бері жүргізіліп жатқан шаралардың негізгі бөлігі Елбасының бастамасымен қабылданған индустриялық-инновациялық саясатқа қатысты бағдарламалар аясында өрбігенін атап өтті. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті дамыту бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. «2010 жылы маңызды заңдар топтамасы қабылданып, Мемлекет басшысы оларға қол қойды. Бұлардың барлығы бизнестің белсенділігіне жәрдемдесулері шарт. Ал индустриялық саясатқа келсек, ол бойынша негізгі заң Парламентке әлі енгізілген жоқ, жобаны әлі де пысықтай түсу қажет. Бұл бағытта заң жобасының басты әзірлеушісі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Дегенмен, Әділет министрлігі заң шығармашылығы бойынша сол жұмысқа қолдау көрсетулері тиіс. Осыған баса назар аударуды жүктеймін», - деді К. Мәсімов Әділет министріне қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар