13:30, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Үкімет басшысы әкімдерге шетелдік инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды белсендіруді тапсырды
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық форматтағы отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов әкімдерге шетелдік инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды белсендіруді тапсырды.

«Облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері өңірге индустриалдық инвестицияны қоса алғанда шетелдік инвестиция тарту бойынша жұмыстарды да жандандыруы қажет», деп баса айтты Үкімет басшысы.
Сонымен қатар жиын барысында ол жергілікті атқарушы органдарға шетелдік инвесторларды қолдау бойынша бөлімшелерді күшейтуді, осыған орай Жаңарту жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізу қажеттігін ескертіп өтті.
Сондай-ақ Премьер-Министр әкімдерге барлық экспортқа бағытталған жоғары өнімді инновациялық кәсіпорындарға мүмкіндігінше жайлы жағдай жасау қажеттігі турасында тапсырма берді.