Үкімет басшысы Астанада ашылған «Голография - 2012» II Бүкіләлемдік көрмесіне құттықтау жолдады

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында «Голография - 2012» атты көркем голограммалардың II Бүкіләлемдік көрмесі ашылды.
None
None

Осыған орай Үкімет басшысы Серік Ахметов өз құттықтауын жолдады.

«Сөз жоқ, бұл іс-шара білім беру мен мәдениет саласына қомақты үлес қоса алады. Бүгінде голография экономиканың көптеген секторларының ажырамас бөлігіне айналып, күнделікті өмірге барған сайын еніп келеді. Бұл - қазіргі ғылымның қарқынды дамып жатқан салаларының бірі, болашағы зор бағыт. Аталған көрмеде алғаш рет Қазақстанның рәміздері мен монументтерінің сандық голограммаларын көруге болады. Олардың ішінде Бәйтерек, Бейбітшілік пен келісім сарайы және Мәңгілік ел монументі бар. Оны осы көрмеге орай Белоруссияда арнайы жасап шығарды. Бұдан басқа, экспозицияда 20 елдің үздік жұмыстарын көруге болады. Осылайша, голограмма шеберлері елдер арасындағы байланыстарды нығайтып, күшейтіп отыр. Мен білемін, біздің ортақ жобаларымыз болады», - дейді С.Ахметов.  

Айта кетейік, Астанадағы Оқушылар сарайында ашылған «Голография - 2012» атты көркем голограммалардың II Бүкіләлемдік көрмесінде Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Канада, Қытай, Литва, Нидерланды, Португалия, Ресей, Румыния, АҚШ, Түркия, Франция, Украина, Израиль мен Жапония шеберлерінің 150-ден астам көркем-голограммалық жұмысы қойылды.

Соңғы жаңалықтар